- Негізгі бет
- Денсаулық
- Гарвард ғалымдары ішекке...
Гарвард ғалымдары ішекке ең зиян сусынның не екенін айтты
Фото:
smart-detox.ru
Қант қосылған сусындарды ішу тоқ ішекке зиян, оның арты қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Осылай дейді Гарвард мектебінің қоғамдық денсаулық сақтау мамандары. Зерттеу материалы The American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланған.
Ғалымдар 120 мың адамның деректерін тексере келіп, тоқ ішек қатерлі ісігіне шалдыққандарға не себеп болатынын анықтаған. Айтуынша, қанты көп сусын ішкендердің көбі ауруға тап болатын көрінеді.
Әсіресе, 10 жыл бойы, тіптен одан көп уақыт бойы қант сусындарын ішкен адамның жағдайы қиындау. Бірақ бала кезінде ішіп, кейін қойып кеткен адамдарға қауіп жоқ.
Қанты мол сусын басқа да аурулардың пайда болуына себепші болуы мүмкін. Мәселен, бауырдың қабынуы, ұйқы безінің қабынуы және жатыр ісігі қозуы мүмкін.
Қ. Слямбек