Америкалық ғалымдар адам жасының ұзақтығын үш есе арттыратын технологияны ойлап тапты. Егер Лос-Анджелес Университетінің ғалымдары ойлап тапқан ерекше генді іске қосса, ұзақ өмір сүруге әбден болады екен.
Ғалымдар бұған дейін өз тәжірибелерін дрозофиль-шыбындарына жасап көрген. Егер бұл тәжірибені адамдарға жасағанда да жақсы нәтиже беретін болса, онда бүкіл әлемдегі тұрғындар жасының ұзақтығы 104 жылға дейін жетпек. Сонымен қатар, ғалымдар адамдар жастайынан шалдығатын «кәрілік» аурулары да егде тартқанда ғана мазалайтын болады деп есептейді.
Бұл жаңа технологияның бар құпиясы ағзадағы ескірген әрі зақымдалған жасушаларды жою болып табылады. Ондай жасушалардан арылу адам ағзасындағы әрбір мүшенің жұмысын жақсартады.
Дайындаған: Айжан Бекболат
Сурет: medweb.ru