АҚШ-тың Массачусетс университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша жаяу жүру керек екенін есептеді.
Сарапшылар әртүрлі елдерден келген 18 және одан жоғары жастағы 50 000 адамның деректеріне талдау жасады. Қатысушылар төрт топқа бөлінді: бірінші топ күніне 3,5 мың қадам жүрді, екінші топ – 5,8 мың, үшінші топ – 7,8 мың, төртінші топ – 10,9 мың қадам жаяу жүрді. Зерттеу нәтижелері Lancet Public Health журналында жарияланды.
Сарапшылар көп жаяу жүрген үш топта белсенділігі төмен топқа қарағанда өлім қаупі 40-53 пайызға төмен екенін анықтады.
Ғалымдар сондай-ақ 60 жастан асқан адамдар өлім қаупі бірте-бірте азаюы үшін күніне 6-8 мың қадам жүруі керек екенін анықтады. 60 жасқа толмаған адамдарға денсаулық пен фитнесті сақтау үшін 8-12 мың қадам жүру ұсынылады. Сонымен қатар, зерттеушілер жаяу жүрудің қарқындылығы маңызды емес екенін атап өтті.
Бұған дейін Массачусетс технологиялық институтының (MIT) ғалымдары әртүрлі емдеу әдістерімен науқастың ауруының ағымын болжайтын G-Net нейрондық желісін жасаған болатын.