Тұмау вирусы сілекейде емес, адам шырышында болады. Сондықтан науқастың қолын ұстасаң, сосын көзіне, мұрнына немесе аузына жанассаң, жұқтыру мүмкіндігі жоғары болмақ. Бұл туралы inform.kz сайты хабарлады.
Сұралған адамдардың 86 пайызы суық тиген адамның қолын ұстаудан бас тартқан. Әр бесіншісі науқаспен кездесуге бармаған. 79 пайызы мұрнын тартқан әріптесінен бойын алыс ұстаған. 34 пайызы жөтелген адамнан алшақ жүрсе, 32 пайызы әлсін-әлсін түшкірген адамға жоламаған, деп хабарлады «Медвести».
Тұмау жұқтырудан әйелдер қатты қорқады екен. Ер адамдар бұған қалыпты қараған. Сұралғандардың 46 пайызы вирус жұқтырған адамдармен сүйісуден бас тартпаған.
Заманауи зерттеу деректеріне сүйенсек, адам көп шоғырланған орындарда (қоғамдық көлік, кезекте тұру, кеңседе), инфекция жұқтырған адаммен тікелей қарым-қатынаста болатын иммунитеті төмен адам вирусты жылдам жұқтыратын болған.
Сурет: likar.info