Шотландиялық ғалымдар ескертеді. Олардың айтуынша, шылым шеккен сайын адамның миы қартайып, ол танымдық қабілеттерінен жұрдай болады екен.
Сондай-ақ никотин кесірінен мидың қабығы сұйылып кетеді. Әдетте бұл құбылыс мида тек адамның жасы ұлғайған кезде ғана басталуы тиіс. Ал ми қабығы маңызды қызметтер үшін жауапты. Олардың арасында зейін, сөйлеу және сана бар. Ескеретін бір жәйт, осы ғылыми тәжірибеге қатысқанға дейін темекі тартуды доғарған қатысушылардың ми қабығы қайтадан қалыңдай түскені анықталған. Сәйкесінше, зиянды әдетті тыю ми қабығына тек оң әсер етеді.
Дереккөз: 24.kz