Америкалық ғалымдар таңғы астың денсаулыққа пайдасы туралы зерттеу жүргізіп, таңертең тамақ ішуге қолайлы уақытты анықтады.
Нью-Йорк университетінің қызметкері Ашима Кант және оның әріптесі таңғы ас уақыты мен өлім арасындағы байланысты зерттеген. Оларды талдауы 1988-1994 және 1999-2014 жылдары жүргізілген екі ұзақ мерзімді зерттеулерге негізделген. Осы зерттеу барысында қатысушылар таңғы ас уақытын атаған. Барлығы әртүрлі жастағы және әртүрлі әлеуметтік топтардағы 34 мың адамның деректері талданған.
Нью-Йорк қалалық университетінің зерттеушілеріне сілтеме жасаған Express басылымының хабарлауынша, көптеген адамдар таңғы асты дұрыс емес уақытта ішеді, бұл олардың ауыр дертке шалдығу қаупін арттырады.
Ерте таңғы ас әртүрлі аурулардан, соның ішінде қатерлі ісік пен жүрек ауруынан мезгілсіз өлім қаупін азайтатыны анықталды. Таңғы асты таңертең 6 мен 7 арасында ішу өлім қаупін таңғы 8-де ішумен салыстырғанда шамамен 6 пайызға және таңғы 10-да ішумен салыстырғанда 12 пайызға азайтады.
Сарапшылардың пайымдауынша, таңертең ас ішпеу немесе кешкі уақытта тамақтану гормондарды, соның ішінде инсулинді өндіруге жауап беретін дененің табиғи "сағатын" бұзады.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, таңғы ас заталмасу процесіне зор ықпал етеді және көмірсулы, энергиясы жоғары тағамдар таңғы ас уақытында жақсы сіңеді.
Айта кетейік, бұған дейін күш сыйлайтын 4 пайдалы таңғы ас туралы жазған болатынбыз.