Макс Планк институтының ғалымдары қоршаған ортадағы заттарды суда қатырып тастай алатын Pseudomonas syringae бактериясын анықтады.
Зерттеу жұмысы барысында бактерия мембранасындағы ақуыздың құрылымы мұздың пайда болуын күшейтетіні анықталды. Қарапайым жағдайда таза судың төменгі температурада қататыны белгілі. Дегенмен кейбір микроағзаларда мұз кристалдарының түзілуін еру температурасынан сәл төменгі температурада қамтамасыз ететін ақуыздар бар. Мұндай компоненттер айналадағы жылуды жұтуға да қабілетті.
Дереккөз: tengrinews