BBC телеарнасы The Day I Got My Sight Back атты жаңа бағдарлама түсірді. Бағдарлама көз соқырлығы мәселесін талқылайды және оған қарсы әдістерді үйретеді. Ал интернетте оның көптеген сәтті жасалған оталарын көрсететін трейлері шығып үлгерген.
Негізінде бұл әдіс 1963 жылы-ақ шығып қойған екен. Бұл құрылғы адамның жасанды көзін алмастыра алады. Стрампелли есімді профессор аталған кератопротезді ойлап тауып, ал кейін оны шәкірттері жалғастырыпты. Десек те, мұндай ота жасау түрі өте күрделі болғанына байланысты хирургиялық емдеу курсы ретінде қарастырылмай келген.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/zwepJT3IGl0#t","width":"450","height":"338"});
Тіпті медицинасы дамыған елдерде де мұндай ота жасау түрі сәтті бола бермеген көрінеді. The Day I Got My Sight Back фильмінде дәрігерлер бұл ота жасау түрінің соқырлық мәселесін бірыңғай шешетін жол екенін және әдістің өте сәтті болатынын айтады.
Жалпы остео-одонто-кератопротездеу науқастың жанарындағы жылтыр қабы жараланған кезде жасалатын әдіс болып табылып келген. Әдістің өзгелерден айырмашылығы – науқас көзіне донор болған адамның (жақын туыстары) тісі көмекке келеді. Яғни тіс жабындысы алынып, линза арасына салынады. Бұл линзалар науқас ағзасымен байланыс жасауы үшін денесінің қандай да бір бөлігіне тері астына бірнеше айға салынады. Соңында, ағзамен байланыс жасаған имплонтант науқастың көзіне салынады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: igromania.ru