Солтүстік Каролина университетінің нейробиологтары адамдардың ішімдікке бейім болуының себебін анықтады. Мамандар алкогольге тәуелділікке жауап беретін нейрон жасушаларынан тұратын тізбекті таптв. Зерттеу жұмысының нәтижесі Biological Psychiatry басылымында жарияланды.
Ғалымдардың айтуынша, жасушалардың мұндай тізбегі ми қабығының вентральді бөлігі мен бадамшасын байланыстырады. Олар өз кезегінде күйзеліс пен тәуелділік реакцияларына жауап береді. Бұған дейін мамандар бұл бөліктердің ішімдікке тәуелділікті оятады деп келген еді. Енді нейрологтар бұл екі бөліктің бір-бірімен нейронды жүйелер арқылы байланысатынын айтып отыр.
Мамандар байланыстардың проекциялық нейрондардан тұратынын анықтаған. Олар белгілерді мидың басқа бөліктеріне бере алады. Проекциялық нейрондар өз кезегінде күйзеліспен күресуге арналған кортикотропин-рилизинг-гормондарын бөледі. Егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибе мидың екі бөлігінің арасындағы байланыстың белсенділігін бәсеңдету ішімдік ішуден сақтайтынын көрсетті.
Енді мамандар зерттеу жұмысының нәтижесі ішімдікке тәуелділікке емдеудің жаңа әдісін жасауға көмектесетініне сеніммен қарайды.
Дереккөз: tengrinews