АҚШ ғалымдары семіздіктің қан түзетінтін жасушаларына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеу қорытындысыJournal of Experimental Medicine басылымында жарияланды. Тышқандарға тәжірибежасау арқылы зерттеушілер семіздіктіңгемопоэтикалық тін жасушаларына немесе гемоцитобласттарға ауыртпалық түсіретініне көз жеткізді. Бұл жасушалар көптеген сүйек қуысындағы қызыл ұлпада орналасады. Семіздікке шалдыққан тышқандардың жасуша құрылымы өзгеріп, олардың ұзақ мерзімді жұмысына кедергі болған. Осыдан кейін ғалымдар тышқандарды арытып, қалыпты салмаққа жеткізгенімен құрылымдық өзгерістердің бір бөлігі сақталып қалған. Еңбек авторлары мұныGfi1 генінің жоғары экспрессиялығымен байланысты деген ой түйді. Өз кезегінде бұған ағза семіздікке шалдыққанда пайда болатын тотықтырғыштық күйзеліске әкеп соқтырады екен. Ғалымдар бұл жаңалық ары қарай адамның тамақтануы қан жасушаларының түзілуі мен қанның бұзылуына қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік береді деген ойда.