Ғалымдардың айтуынша, жаңа емдеу хирургиялық отанынң орнына көзді дәрі-дәрмекпен емдеуге жол ашады. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Катаракта – бұл дүние жүзіндегі миллиондаған адамның көруін нашарлатып, соқырлығын тудыратын көздің қабыршығындағы дақтар. Жасқа байланысты жағдайды емдеудің қазіргі нұсқалары тек зақымдалған линзаны алып тастау және ота ғана.
Терапиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге үміттенген Раскин университетінің зерттеушілері тышқандарда катарактаға қарсы препаратты сынаған. Ғалымдар препаратты қабылдаған кеміргіштердің көру қабілеті жақсарғанын, олардың жартысына жуығында (46 пайызы) көздің бұлдырағаны азайғанын айтты.
Катаракта линзадағы белоктардың ұйымдаспауы нәтижесінде пайда болады. Бұл жарықты шашыратып, көз торына өтуді айтарлықтай төмендететін ақуыз шоғырларының пайда болуына әкеледі.
Ғалымдар катаракта бар тышқандарды VP1-001 деп аталатын химиялық қосылыспен көзге тамызатын дәрілер арқылы емдеген. Бұлай емдеу линзаның ақуыздық құрылымын қалпына келтіргенін көрсетті.
"Әлемде осындай алғашқы зерттеу жасалып отыр. Нәтиже катарактаның барлық түрлерінде болған жоқ, бірақ осы нәтиже де катарактаның арнайы емі жасалған болуы мүмкін екенін көрсетеді. Бұл өте кең таралған ауруды отадан гөрі дәрі-дәрмекпен емдеудегі алға жасалған маңызды қадам", - дейді профессор Барбара Пиршионек.
Тек Англияда жыл сайын 330 000-ға жуық катарактаға ота жасалады. Ал америкалықтардың 70 пайызында 75-80 жаста катаракта пайда болады.
Бұған дейін ғалымдар әлемде алғаш рет көру проблемаларын, атап айтқанда соқырлықты емдеу үшін CRISPR гендік өңдеу технологиясын қолданды. Тәжірибе сәтті аяқталды.