Лиссабондағы Молекулярлық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптандыратын қорғаныс маскасын жасады. Бұл туралы La Razon жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бірнеше су өткізбейтін қабат пен арнайы жабындысы бар инновациялық матаның арқасында жасалған.
Ғалымдардың айтуынша, масканы бірнеше рет қолдануға болады. Франциялық Пастер институтында жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде оны кем дегенде 50 рет жууға болатыны анықталды.