- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар қатерлі ісіктің...
Ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы дәрі-дәрмек ойлап тапты
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түрін емдейтін дәрі ойлап тапқанын және ғарышта сынақтан өткізкенін хабарлады. Бұл емдік препарат үш-төрт жылда пайдаланылуға беріледі. Бұл туралы «Известия» газетіне Федерал медико-биологиялық агенттігінің аса таза препараттар Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директорының орынбасары Андрей Симбирцев айтып берді.
Басылымның мәліметінше, бұл препарат биотехнология арқылы жасалған және қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа құрал. Айтуынша, жетістікке ғарышта өткізілген зерттеу арқылы қол жеткізілген, осылайша институт онкологияда нағыз революция болатын дәрінің клиникалды сынағын аяқтады.
«Препаратымыздың шартты атауы – «жылу шогының ақуызы» («Белок теплового шока»). Бұл - адамның стрессорлық түрлі ықпалына жауап ретінде кез келген жасушасымен синтезделетін молекула. Мұның бар екенін ғалымдар ерте кезден білген. Бастапқыда ақуыздың жасушаны зақымнан қорғайтыны ғана күтілді. Ал кейін ерекше қасиеті бар екені анықталды - жасушасындағы иммундық жүйенің ісінген антигендерін көрсете алады және осылайша ісінуге қарсы иммундық ықпалын күшейтеді», - деді Симбирце.
Симбирцевтің айтуынша, препарат меланом және сарком секілді қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқан мен егеуқұйрыққа салынған. Препарат сырқаттың кез келген кезеңінде де тиімді болып табылып, жағымды нәтиже көрсеткен. Сынақ кезінде дәрінің жанама әсерлері анықталмаса да, қауіпсіздік жөніндегі соңғы шешім шығаруға әлі бір жылдай уақыт керек көрінеді. Тек содан кейін ғалымдар жаңа препарат бойынша клиникалық сынақ жүргізуге кіріседі. Ал, клиникалық сынақ жұмыстарына әдетте 2-3 жыл уақыт кетеді.
Дерек көзі: Qamshy.kz
B. ZHAQSYMBET