Америкалық ғалымдар ағзаның қартаю процесін донорлық қан плазмасы арқылы тежеп көрмек. Кеміргіштерге жасалған бұл тәжірибенің бірінші кезеңі сәтті өткен.
Ендігі екінші кезеңге егде жастағы алты жүз америкалық қатыспақ. Өз еркімен келген азаматтарға 48 сағат бойы 25-35 жастағы донорлардан алынған бір жарым литр плазма құйылады.
Жоба жетекшісі, доктор Джесси Кармазин жастар плазмасының қарттардың ағзасын жаңартып, күш беретініне сенімді. Бұл жаңа тәжірибе жүзеге аса ма әлде кезекті бизнес жобалардың бірі ме әзірге беймәлім. Себебі әр қатысушы қарт 8 мың доллар төлейді.
Белгілі бірнеше ғалым бұл тәжірибенің алаяқтық екенін айтып, сынаған. Ал біразы тәжірбенің расында әсері болуы мүмкін дейді.
Дереккөз: reactor.inform.kz