Ғалымдар қанық ұйқының миға әсер ететінін анықтады

Ғалымдар қанық ұйқының миға әсер ететінін анықтады

Дәрігер мамандардың болжамдарына сүйенсек, егер адамның ұйқысы жеткілікті болса, оның миы жасы ұлғайған сайын кішіреймейді.

Ғалымдар әртүрлі жастағы адамдарға (20-84 жас аралығында) жасаған ұзақ жылдық тәжірибелеріне сүйене отырып, осындай шешімге келген. Зерттеулер кезінде қатысушыларға ұйқы мен оның сапасы туралы сұрақтарға жауап беру керек болған. Осыдан кейін зерттеушілер әр қатысушы адамның миының өлшемін суретке түсірген. Дәрігерлер ұйқысыздық, толыққанды ұйықтамау адамдардың миының самай, төбе, маңдай бөліктерінің кішіреюіне әкеліп соққанын анықтаған. Мұндай өзгерістердің басым бөлігі егде тартқан қарт адамдарда байқалған.

Ғалымдар бұл жағдайдың арты неге апарып соғатынын, ненің әсерінен пайда болатынын әлі білмейтіндіктерін мойындайды. Осы жағдайды анықтау үшін олар зерттеулерін әлі де жалғастырмақ. Бірақ олар бір нәрсені толық сеніммен айта алады: «Мидың көлемін сақтау үшін ұйқы қанық болуы тиіс».  Бұл – барлық жастағыларға жасалған ескерту. 

Дайындаған: Назерке Смағұл

Сурет: emory.edu

Оқи отырыңыз: 

Ұйқы алдындағы қыз күтімі

Жеткіліксіз ұйқы геніңізді өзгертеді 

4-5 сағатта ұйқы қандырудың жолдары

Түскі ұйқы балалардың есте сақтау қабілетіне пайдалы


Y. Smaghul