Сарагоса Университетінің психологтары жүйкені тоздыратын, стресске жақын, қауырт жұмысқа қарағанда іш пыстыратын, бір қалыпты жұмыстың тигізетін зияны анағұрлым жоғары екенін айтады.
Бұл зерттеуге 400 адам қатысқан, адамдардың жүйкені тоздыратын жұмысқа қарағанда қызықсыз, бірқалыпты жұмыстан тез шаршайтыны анықталды. Бұл тұрғыда көбіне қызмет көрсету саласындағы жұмыскерлер мен шенеуніктер зардап шегеді екен. Әсіресе бір қызметте 16 жылдан аса жұмыс жасап келе жатқан ер адамдар енжарлыққа жақын келеді.
Психиатрлардың айтуынша, мұндай қауіп төніп тұрған адамдар белсенді өмір сүруі керек – өзіне қызықты, сүйікті істермен айналысып, достарымен жиі кездесіп тұруы қажет. Естеріңізге сала кетейік, Англиядағы Саутгемптон университетінің қызметкерлері түнгі жұмыстың бедеулікке әкеп соғатынын мәлімдеген болатын.
Дереккөз: baq.kz