Қағаз ақша – лас заттардың ішіндегі ең ласы болып саналады. Жақында Нью-Йорк университетінің ғалымдары қағаз ақшаға зерттеу жасаған. Зерттеу нәтижесі бойынша бір тал қағаз ақшада 3000-нан астам бактерия бар екені байқалған. Бұл бактериялардың асқазан жарасы, өкпе қатерлі ісігі сынды ауруларға себепкер болу мүмкіндігі өте жоғары екен.
Зерттеушілер келу қайнары ұқсамаған 1 долларлық 80 дана ақшаны зерттеу арқылы бұл қағаз ақшадағы бактерия, вирустар көптеген ауруларға себепші болатыны дәлелденген. Есіңізде болсын, қағаз ақша ұстағаннан кейін міндетті түрде қолды тазалап жууды ұмытпаңыз.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: worldtemplates.net