Швейцариялық нейрофизиологтар алғаш рет жұлынның зақымданған бөлігіне нүктелі әсер ету арқылы омыртқасы жарақаттанған 3 науқасты қайтадан аяққа тұрғызды. Тәжірибе нәтижелері Nature және Nature Medicine журналдарында жарияланды. Лозаннадағы жоғары политехника мектебінің нейрофизиологы Грегуар Куртин және оның Санкт-Петербург Физиология институтындағы ресейлік әріптестері бірнеше жыл бұрын жүре алмай қалған тышқандарға тәжірибе өткізіп, нәтижесінде олардың жүру қабілетінотасыз дақайта тіктеген. Ғалымдар жұлын өте қатты жарақаттанған кезінде де жүйке талшығының бір бөлігі зардап шекпейтіндігіне назар аударған. Куртин және оның әріптестері шамамен 4-5 жыл бұрын жүруден қалған үш науқасты таңдап алып, тәжірибе өткізген. Енді солардың нәтижесін жариялады. Олар жұлыны жарақаттанған науқастарды отасыз емдеп және оларға физиологиялық жаттығулар жасатқан. Дәрігерлер науқастарды арнайы жасалған экзоқаңқа ішіне кіргізіп, қадам басып жатқандықтарын елестетуді сұраған. Сол арқылы олардың миындағы сигналдарды жазып алып отырған. Куртин мен оның әріптестері жазып алынған сигналдарды науқастардың миына орналастырған. Және бір уақытта олардың аяғын қозғалтуын сұраған. Нәтижесінде 1 аптадан соң,науқастар автоматты түрде аяғын қозғалта алатын болған. 2-3 аптадан соң,олар өздігінен жүре бастаған. Бес айлық жаттығудан соң,олар экзоқаңқа ішінде ешкімнің көмегінсіз өздері қадам басатындай дәрежеге жеткен. Қазір үш науқастың екеуі стимулятордың көмегінсіз жүре алады.