- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар артық тамақ...
Ғалымдар артық тамақ жеудің 5 себебін анықтады
Ұлыбританияда Сассекс университетінің қызметкері Дженни Моррис адамдардың неліктен көп тамақ жеп қоятынының себебін түсіндірді. Маманның материалы The Conversation журналына жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ria.ru басылымына сілтеме жасап.
Морристің айтуынша, ашқарақтыққа бейім адамдарды анықтаудың 5 факторы бар.
1. Жейтін тамағының мөлшерін білу. Мұндай қорытындыны сорпа ішуге арналған сараптамаға сүйеніп жасады. Тестілеу барысында қатысушылардың ыдысына трубочка арқылы білдірмей сорпа құйылып отырды. Кейбір қатысушыларға 73% артық сорпа құйылса да, олардың барлығы бірдей өздерін "тойдық" деп есептеген. Яғни, аз ішкені де, көп ішкені де бірдей сезімде болған.
2. Тамақтың түрлілігі де әсер етеді. Адам ас ішкендегі тамақтың дәмінен онша қанағаттанбаса, сонша тойымды болып келеді. Ал егер үстел үстінде тамақ толып тұрса, адам 4 есе көп тамақ жеп қоюы мүмкін.
3. Тамақты көп жеп қоюға теледидар қарау, тамақ жеп отырып, кітап оқу, алкогольді ішімдік ішу және үстел басында жиналғандар әсер етеді. Егер адамның көңілі басқа жақта отырса, ол тойған-тоймағанын дұрыс сезінбейді. Сондықтан көп тамақ жеп қояды.
4. Алкоголь ішу. Оның әсерінен ми қажетті сигналды кеш алады. Сол себепті адам тойған-тоймағанын білмейді.
5. Үстел басында көпшіліктің отыруы. Адам қасында отырған адамның жеген тамағының дәмін көрейін деп те артық жеп қояды.
Маман жоғарыда айтылған факторлардан құтылу үшін ас ішкен кезде тек тамақты ойлау керек деген кеңес береді. Өзіңнің жеген тамағыңды суретке түсіріп отыруға да болады. Сонда көп тамақ жегеніңді суреттер арқылы біліп, келесі порцияға келгенде өзіңді тоқтатасың.
Н. Үсенова