Зерттеушілер мысты семіруге қарсы жаңа тәсіл ретінде пайдалануға болатынын анықтады. Бұл металл нутриент май жасушаларын ажыратуда маңызды рөл атқарады.
Мыс ұзақ уақыттан бері ыдыс-аяқ, электроника, зергерлік бұйымдар және осыған ұқсас басқа да заттарды дайындау үшін пайдаланылып келген. Алайда соңғы ғасырда аталған металл ағзадағы атқаратын белгілі бір биологиялық қызметтерге әсері арқылы өзіне үлкен назар аудартты.
Мыстың қызыл қанды ағзаларды қалыптастыру, темірдің сіңірілуі, біріктіруші тіннің дамуы және иммундық жүйені қалпында сақтау үшін пайдалы екені анықталған. Ал енді ғалымдар мыстың майдың зат алмасудағы рөлін де дәлелдеп шықты.
Берклидегі Калифорния университетінің зерттеушілері мысты энергия көзі ретінде пайдалынатын май жасушаларын ажырату үшін қажет екенін анықтады. Онда мыс реттеуші рөлін атқарады. Ағзада мыс неғұрлым көп болса, соғұрлым майдың көп көлемі ажыратылады. Зерттеу авторлары мыстың жетіспеушілігі семіздік және соған байланысты ауруларға әкеліп соқтыра алатынын да шамалап отыр.
Ғалымдар бұл металдың ағзада өздігінен шығарылмайтынын және мыстың қажетті көлемі азық-түліктен алынуы тиіс екенін ескертеді.
Дереккөз: inform.kz