АҚШ ғалымдары ақ шаштың кәріліктен немесе ауру салдарынан пайда болатыны туралы әдеттегі тұжырымды жоққа шығарды.
Керісінше, шашы ағарған адамның дені сау болады екен. Бұл ретте тек жасы 30-дан аспағандар ғана ерте ағарған шашына алаңдаулы болуы керек. Егер ағзада антиоксидантты қасиеті бар глутатион заты көп бөлінсе, шаш ағарады. Бірақ, мұны көптеп бөлген адам ағзасын қартайған немесе қуатсыз деп айтуға болмайды. Себебі ол глутатионды бөлу арқылы қышқылдану барысын тоқтатады. Ал қышқалданудың артуының өзі қартаюдың белгісі болып табылады.
Дереккөз: 24.kz