- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ғалымдар: адамдар суықтан...
Ғалымдар: адамдар суықтан салмақ жинауда
Британдық ғалымдардың есептеуінше, суық пен одан ағзаны қорғайтын бактериялар адамдарды салмақ жинауға итермелейді екен.
Мамандар суық ортада дамуға мүмкіндік алатын бактериялар салмақ жинау қаупін төндіруі мүмкін екенін айтады.
1020 сау адамның қатысуымен зерттеу жүргізіліпті. Анықталып отырғандай, экватордан адам қаншалықты алыс өмір сүрсе, соғұрлым ағзада май қыртыстарын ынталандырушы бактериялар көптеп кездесе бермек.
Ғалымдар табиғаттың қорғаныс механизмі дәл осылай жұмыс жасайды деп сендіруде. Суыққа үйренісу кезінде ағза адамның салмағын арттыратын көрінеді.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: marimedia.ru
Л. Лига