Вакцинациядан кейін коронавирустың омикрон штаммын жұқтырған науқастарда COVID-19-дың болашақ түрлеріне қарсы "супериммунитет" дамуы мүмкін. Мұндай мәліметтерді Орегон денсаулық және ғылым университетінің бір топ ғалымдары анықтады. Бұл туралы РБК жазды.
Зерттеушілер өздерінің ашқан жаңалықтарын Business Insider мақаласында сипаттады. Материалда "супериммунитет" тек вакцина негізінде жұмыс істейтіні атап өтілген, өйткені аурудан кейінгі табиғи қорғаныс тек вирусқа қарсы "қалыпты" иммунитетті әкеледі.
Ғалымдар анықтағандай, "дельта" штаммының таралуы кезінде ауруға шалдыққан вакцинацияланған азаматтадың ағзасында Pfizer екінші инъекциясынан кейін тиімді иммунитет қалыптасқан.
"Мұндай ағзаларда антиденелердің деңгейі жоғары ғана емес, сонымен қатар әртүрлі нұсқаларға қарсы төтеп бере алатын қабілеті бар", - деді зерттеудің бірлескен авторы Фикаду Тафессе.
Оның айтуынша, "серпінді инфекция" деп аталатын кезде (яғни, толық вакцинацияланған адам коронавирус жұқтырған кезде) ағза коронавирустың өзгергіштігі туралы ақпарат алады, бұл "антиденелер" жиынтығында қосымша күрделілік деңгейін тудырады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы №11 қалалық емхананың жалпы дәрігерлік тәжірибе бөлімінің меңгерушісі Назым Күшікбаева «омикрон» штаммын үйде емдеуге болатынын айтқан болатын.
Дәрігердің айтуынша, "омикронның" басты белгілерінің бірі – жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы, басқа да клиникалық белгілері – дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттердің ауруы, тамақ ауруы және жөтел.