Адамзат үшін қауіпті H2N2 тұмауының індеті 2017 жылы қайта белең алуы мүмкін. Алғаш рет 1957 жылы Азияда пайда болған бұл вирус шамамен 4 миллион адамның өмірін қиған.
Ғалымдардың мәлімдеуінше, H2N2 тұмауы әр 60 жыл сайын қайталанып отырады. Сол себепті ендігі бір осындай қайталану 2017 жылға тура келіп тұр. Қазір ғалымдар H2N2 вирусын қадағалауда. Келесі індет құстар мен шошқалардың тұмау вирустарының біріккен түрінен болады. Аса есте сақтайтын жәйт, бұл тұмау індеті Қытай жерінен басталады. Өйткені құстар мен талпақ танаулар Азия құрлығы бойынша Қытайда ең көп шоғырланған. Ең өкініштісі, қауіпті вирусқа қарсы вакцина осы кезге дейін ойлап табылмады.
Дереккөз: 24.kz