Француздар ішімдікті жақсы ішеді, майлы тағам жейді, соған қарамастан орта есеппен 82 жыл өмір сүреді дейді ғалымдар. Оның үстіне, көршілес ұлыбританиялықтармен салыстырғанда, оларда жүрек-қан тамыр сырқаттары екі есе аз. Бұл ұлт өкілдері арасында ұзақ өмір сүрушілердің көптігі «француз пародоксы» деп аталып жүр және мұның себебі олардың қызыл шарапты көп ішуінде деген пікір қалыптасқан.
Шарап – бұл құбылыстың бір ғана себебі дейді Аарус университетінің зерттеушілері. Олар әртүрлі сүт өнімдерін тұтынған еріктілердің несеп және нәжіс үлгілерін салыстырды. Тәжірибеге қатысқандардың үштен бір бөлігі 14 күн бойы тұрақты түрде сыр жеді, келесі бөлігі сүт ішті, қалғандары сары май жеді. Сыр мен сары майда қаныққан майлар көп, ал олар ағзаға зиянды.
Сыр жеген адамдардың талдауынан ғалымдар біраз май қышқылын тапты. Бұл зат ішек микрофлорасына әсер етеді, астың жақсы қорытылып, сіңуіне ықпал етеді, сонымен қатар қандағы холестеринді азайтады. Басқа қатысушыларда бұл қышқыл аз болып шықты.
Француздар жылына әртүрлі сұрыпты 24 кг сыр жейді.