- Негізгі бет
- Денсаулық
- Етеккір кезінде жыныстық...
Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Гинеколог жауап берді
Бұл жайлы ата-аналар айта бермейді. Сондай-ақ көпшілік оны гинекологтан сұрауға ұялады. Parents.ru-ге гинеколог Надежда Стулева етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсудің қандай қауіп бар екенін айтты.
Етеккір кезінде жынысқа қатынасқа түсу жайлы екі түрлі пікір қалыптасқан. Бірі оның еш зияны жоқ десе, басқалары оны құптамайды. Дәрігер етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсу кезінде мынадай қауіптер бар екенін ескертті:
1. Инфекция жұқтыру қаупі
Сізде жыныстық қатынаспен берілетін инфекция болмаса да, серігіңізде патогенді флора болуы мүмкін. Жыныстық қатынас кезінде жұқпа пайда болып, бұл орта бактериялардың белсенді тарауын ынталандырады.
2. Аденомиоз және эндометриоздың даму қаупі
Тіпті, қорғансаңыз да, табиғи етеккір сұйықтығы ішпердеге түсуі мүмкін. Қазір эндометриоз бен аденомиозды етеккір кезіндегі жыныстық қатынас ынталандырады деген теория бар.
Аденомиоз ешқандай белгісіз өтуі мүмкін, сондықтан әйел оны байқамай қалады. Бұл кезде етеккір аз-аздан жұғып, ұзақ келуі (7 немесе одан да көп күн) және құйымшағы мен іші ауыруы мүмкін.
Эндометриоз кезінде эндометрия жатырдан тыс шығып кетеді, ол ішпердеде, жатыр түтікшесінде, ішектерде және басқа да органдарда өсуі мүмкін.
"Әйелдер етеккірді әртүрлі өткереді: біреудің іші мен басы ауырса, басқаларын ештеңе мазаламайды. Әр адам не істегісі келетінін өзі біледі, менің кеңестерім жай ғана ұсыныстық сипатқа ие", - дейді дәрігер.
Көпшілік әйелде етеккір кезінде іші мен белі қатты ауырады. Неліктен бұл кезде іш ауырады және оны қалай кетіруге болады? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова