Ет жеуді мүлде қойып кетсек не болады? Британдық ғалымдардың айтуынша, мұның салдарынан денсаулыққа едәуір зиян келуі мүмкін. Зерттеушілер ет тағамдарын жеуден бас тартып, вегетариан диетасын ұстанған адамдардың денсаулығын тексеріп көрген - деп хабарлайды Independent.
Айта кету керек, қазір Британия халқының үштен бірі еттің не екенін мүлде ұмытқан. Бұл адамдардың ағзасы қажетті ақуыздан қағылып, ет құрамында болатын көптеген пайдалы заттардан құр қалады. Сондай-ақ вегандар (вегетариан сөзінен қысқартылған) арықтап, біраз салмақтан арылады. Бірақ, бұл олардың ішек микрофлорасының қалыпты жұмысының бұзылуынан болады. Ет жемейтін адамдар үнемі шаршап-шалдығып, көңіл-күйлері түсіңкі болып жүреді екен. Ал ең қиыны, вегандықтан бас тартып, қайтадан ет жеуді ұйғарған адамдардың ас қорытуы нашарлап, асқазанда жара пайда болуы мүмкін екен.
Дереккөз: 24.kz