12 қазан күні, яғни ертең Алматы қаласында қала жастарының қатысуымен «Қайырлы таң, Алматы!» акциясы өтеді.
Бұл туралы Алматы қалалық жастар саясаты басқармасында айтылды. Таңғы 07.30-да Абай көшесіндегі Республика сарайының алдында болады. Көпшілік қатысатын жаттығуды кәсіби жаттықтырушылар өткізбек ниетте екен. Fitnation фитнес клубының жаттықтырушылары бұл күні қала жоғары оқу орындарының барлық студенттері мен жастарын жинап, денсаулыққа пайдалы ән-би гимнастикасын өткізіп, ақыл-кеңестер айтатын болады. Алматыға «Қайырлы таң» айту үшін сіз де келіңіз!
Бейбіт Тұрабаев, Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі бөлім бастығы:
- Бұл шара бұрын бізде өтпеген. Қала жастары мен жастар ұйымдарының қолдауымен бастама ретінде көтердік. Мақсаты: ұрпақтың денсаулығын жақсартып, зиянды әрекеттерден сақтану. Шылым шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге қарсы іс-шара ендігіде дәстүрлі түрде өтіп отырады.
Массагеткз командасы да шараға атсалысуды жоспарлап отыр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Суреті: kznportal.ru