- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ертеден келе жатқан...
Ертеден келе жатқан емдік қасиеті жоғары дәрі
Қазіргі таңда астма, бронхит секілді жөтел ауруларына шалдыққан адамдардың саны күн санап көбейіп келе жатыр. Оған ағзаның тітіркенуі және темекіні тым көп шегуі себепші болуы мүмкін. Алайда бағзы заманнан бұл дертке дауа болатын емнің бар екені бәрімізге белгілі. Бүгін біз соны назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.
Ингредиенттер:
♠ 1-2 кг қызыл немесе күлгін жуа;
♠ 1-2 кг қант;
♠ 2 лимон;
♠ 1,5 литр су;
♠ 7 ас қасық бал.
Дайындау жолы:
1. Қантты металл ыдысқа салып қыздырып, араластырыңыз.
2. Жуаны кішкентай бөліктерге бөліп, қантқа салыңыз. Содан соң шамалы қуырып алып, су қосыңыз.
3. Судың үштен бірі буланғанша, қоспаны қайната беріңіз.
4. Қоспаның салқындағанын күтіңіз.
5. Содан кейін бал араластырып, лимон шырынын қосуды ұмытпаңыз.
6. Бәрі дайын болған соң қоспаны түнге қалдырып, ертесіне шыны ыдысқа құйып ішіңіз.
Бұл дәрінің тамақ ішер алдында міндетті түрде 1 қасығын ішуіңіз керек. Сонда жоғарыда айтылған жөтел ауруларының алдын аласыз. Ем болсын!
Сурет: massreport.com
Ж. Исакаев