Біз қым-қуыт тіршіліктің қазанында қайнап жүріп жөнді тынығы алмаймыз. Ұйқымыз қанбаса күні бойы ісімізді толық атқара алмайтынымызды білеміз. Дұрыс тәртіпті бұзу арқылы біз өзімізді алдарқатып жүріп, әйтеуір бірдеңені сылтауратып, кеш ұйықтаймыз. Осы себепті өзіміз өз ағзамызға көп зиян келтіреміз.
Не себепті ерте тұру қажет?
Адамның миы таңертеңгілік уақытта өте жақсы жұмыс жасайды. Демек біз осы уақытта тың әрі жаңа идеяларды туындата алады екенбіз.
Ерте тұрған адам таңғы асын толық ішіп, жұмысқа еш кептеліссіз тез бара аламыз. Жақсы көңіл-күй. Ерте тұрғанда рухымыз асқақтап, бойдағы күш-қуатымыз тасып тұрады.
Ерте ұйықтау
Ұйқы – күні бойы жұмсаған энергиямыздың, күшіміздің орны толуы үшін қажет. Ұйықтаған шақта ағза тынығады.
Ересек адамның ұйқысы қалыпты жағдайда – 8 сағат. 9-12 сағаттық ұйқы қатты шаршаған жағдайда, сырқаттанғанда, физикалық жаттығулар жасағанда болады.
Ерте тұру үшін ерте жату керек
Бұл пункттің алдынғысымен байланысы бар. Адам көп жұмыс істеп, физикалық жаттығулар жасап қатты шаршаған кезде ғана ерте ұйықтайды. Яғни, тек баспен жұмыс жасау ғана емес, физикалық жаттығулар жасау да ерте жатуға септігін тигізеді.
Таңертең 2 оятқыш қойыңыз
2 оятқыш сатып алып, оны төсегіңізден жырақтау жерге қойыңыз. Оятқыштың әуені ең жек көретін, ең жағымсыз әуен болсын. Сонда ұйқыдан тұру қиын болса да жылдам жүзеге асады.