Мажар елінің ғалымдары ер адамның миы әйелдікіне қарағанда екі есе ерте қартаятынын анықтады. Соның салдарынан ерлер әртүрлі дерттерге жиі шалдығады екен.
Сегед университетінің ғалымдары әр жастағы 53 ер адамның және 10 әйел адамның миына зерттеу жүргізген. Тәжірибеге қастықандардың орташа буыны 32 жаста, ең үлкені 58-де, ал ең жасы 21-де болған. Зерттеу нәтижесінде, ер адамдар үлкейе келе ортаңғы ми жұмысы баяулайтыны анықталды. Сонымен бірге қимыл-қозғалысты реттейтін жасушалары өле бастайды екен. Ортаңғы ми қартаюы салдарынан қимыл-қозғалыс қана емес, көңіл-күй мен ақпаратты өңдеп отыратын таламус жұмысы да бәсеңдейтін болып шыққан.
Әйел адам миының көлемі ер адамдікіне қарағанда 10% кіші. (Мұның ақыл-парасатқа ешқандай қатысы жоқ). Ер адамның миы уақыт өте келе жылдам кішірейетіні де осыған дейін зерттелді. Ал ортаңғы ми жұмысы әйелдердікінен екі есе ерте баяулауы неврология ғылымы үшін жаңалық болды. Ғалымдар алдағы уақытта мұның емдеу жолдарын табу үшін күш салып көрмек.