Еркектер неге қысқа өмір сүреді?
Статистикаға сай, әйелдер еркектерден ұзақ өмір сүреді. Неге? Негізі, ер адам физикалық тұрғыдан күшті және шыдамды болып келеді емес пе? Ал қыз-келіншектер әрдайым уайым мен стреске бейім, нәзік жан ғой. «Ерлер неге бірінші кетеді» деп аталған американдық зерттеу бұл жағдайдың себебін ашып, оны өзгертудің амалдарын тапты.
Деректер
Зерттеу авторлары ерлерге мұндай ақпаратты шошына қабылдамай, статистикаға назар аударуға кеңес береді:
- Жүректің ишемиялық ауруы ерлерде 3 есе жиі кездеседі екен.
- Әр жаста өз-өзіне қол салатын әйелдерден гөрі, еркектер басым көрінеді.
- Адам өлтіру мен өз-өзін өлтіру 15 пен 34 жас аралығында ер азаматтар арасындағы үш негізгі өлім себебіне жатады.
- 85 жасқа жеткен әйелдер қатары еркектерге қарағанда, 2:1 қатынасына тең.
«Неге ерлер бірінші көз жұмады?»
Мамандар ерлер өмірін қысқартатын биологиялық, мәдени және жеке факторлар қатарын анықтаған.
Психологиялық фактор
Ерлер психологиялық тұрғыдан әлсіз және шыдамсыз болғандықтан, олардың арасындағы өлім-жітім де жоғары. Әйелдер өз сырқатымен табанды күресіп, денсаулығын мұқият қадағаласа, ерлер бұл мәселеде мұндай жауапкершілікпен мақтана алмайды.
Ер адамдар дәрігер кеңесіне құлақ аспай, тексеруден өтпей, сырқаттанғанда «өзі кетеді» деп, медициналық көмекке жүгінбейді.
Тәрбиенің денсаулыққа әсері
Ерлердің ауруға шыдап, дерттің айқын белгілеріне назар аудармауының себебі: оларға кішкентайынан: «Шыда, қиналып тұрғаныңды көрсетпе, шағымданба. Сен жігітсің ғой», - деп үйретеді. Статистика бойынша медициналық көмекке жүгінген еркектердің жартысынан көбі әйелі мен туысқандарының табанды ықпалының арқасында ғана немесе жағдайы қатты нашарлағанда ғана дәрігерге келеді екен. Осыған орай, тәрбие ерекшеліктері де еркектерді өлтіреді деуге негіз бар.
Ер адам өмірін қалай ұзартуға болады?
Мамандардың айтуынша, ер адам денсаулығын жіті қадағау қажет. Бқл орайда жақын адамдарының – әйелінің, анасының, апа-қарындасының, қызының рөлі маңызды. Әйелдер омырау қатерлі ісігін жеңе алса, өз еркегінің денсаулығын сөзсіз сақтай алады.
Дәрігерлер мезгілсіз өлімге әкелетін себептерді сараптай отырып, ерлер өмірін ұзартудың мынадай ережелерін ұсынады:
1. Әрқашан дәрігермен ашық сөйлесіңіз. Ұятты кабинеттің сыртында қалдырған жөн. Қыз-келіншектер жастайынан өз проблемаларын дәрігерге ашық айтып үйренеді. Ер адамға кей симптомдарды айту ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ оларды айтып өту қажет, себебі дәл сол белгі ауыр сырқатты анықтауға көмектесуі мүмкін. Дәрігер алдындағы мұндай жалған ұяңдық өміріңізден артық емес. Ер адамдар аталық жыныс безін жүйелі түрде тексеруден өткізіп тұру керек. Бұл ең жағымды әсер болмағанмен, простата қатерлі ісігі машақатынан жеңіл.
2. Тестостерон деңгейін тексеріңіз. Шамамен 30 жастан кейін ер адамның тестостерон гормонының деңгейі жыл сайын 1%-ға төмендеп отырады. Ал тестостеронның төмен көрсеткіші өмірлік тонус пен бұлшық ет салмағын азайтып, есте сақтау қабілеті мен зейінді нашарлатып, либидоны төмендетеді. Мұның барлығы жабығуға әкеп соқтырады. Ал одан еркек денсаулығы сыр беріп, ишемиялық ауру қаупін тудырады. Тестостерон шығынына диабетпен ауыратын адамдар көбірек ұшырайды. Өмірлік маңызды гормон жетіспеушілігін гель, пластырь, егу арқылы тез толтыруға болады.
Мәселеге қатысты алып-қосар ойларыңызбен бөлісе отырыңыз.
Жалғасы бар
Суреттер zdorovieinfo.ru сайтынан алынған