Анар (гранат), асқабақ пен қарбыз, балдыркөктің сусынын күнделікті ішкен ер адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл сусындар ер адамның ағзасын қажетті элементтермен байытып, тестостерон гормонын өз деңгейінде ұстауға көмектеседі.
Анардан жасалған сусынның құрамында А, B1, B2, B6, C сынды дәрумендер, темір, калий, магний және фосфор сынды микроэлементтер мол. Қатерлі ісіктің алдын алуға қажетті антиоксиданттар көп. Қан тамырының иілгіштігін арттырып, ер адамның қабілетін – эрекцияның ұзақ болуына көмектеседі.
Ал асқабақ сусынының құрамында мырыш мол. Мырыш тестостеронды көбейтуге көмектеседі. Дәрігерлер "простатиттің алдын алғыңыз келсе, асқабақ сусынын жиі ішіп жүріңіз" деп кеңес береді.
Қарбыз сусынында цитруллин мен аминқышқылдары мол. Олар қан тамырының кеңеюіне, сол арқылы қан айналымының жақсы жүруіне көмектеседі. Әсіресе, цитруллин ер адамның мүше жағына қан жүруін қамтамасыз етеді. Цитруллиннің тағы бір артықшылығы – ағзада аргинин сынды амин қышқылының түрін өндіріп, бұл қышқыл азот оксидінің көп бөлуіне әкеледі. Ал азот оксиді ер адамның мүшесіне қанның молырақ келіп, эрекцияның берік болуына септігін тигізеді.
Ал балдыркөктен жасалған сусынның құрамында андротестосерон көп. Ал бұл гормон тестостеронның түзілуіне көмектеседі. Балдыркөк сусыны ішек-асқазан және несеп-бүйрек ауруларын жазуға мүмкіндігі бар.