- Негізгі бет
- Денсаулық
- Энергетик-сусындарды ішкен дұрыс...
Энергетик-сусындарды ішкен дұрыс па?
Энергетик сусындарды ішу қазір әдетке айналды. Ондай сусынды ішкесін адамда біраз күш-қуат пайда болғандай көрінеді. Алайда ғалымдардың айтуынша, энергетик сусынды көп ішуге болмайды.
Себебі энергетик сусындарға қосатын ингриеденттер жүрек пен ми жұмысына кері әсер етеді. Қазіргі энергетиктердің құрамында кофеин мен тауриннен басқа эфедрин, женьшень, карнитин сынды стимуляторлар бар. Мәселен, эфедрин адамның орталық ми жүйесін қоздырып, стимул берсе, женьшень стресс гормонын азайтып, қосымша күш-қуат береді. Карнитин болса зат айналымына әсер етеді. Бұдан бөлек, энергетик сусында креатин, инозитол, гинкго билоба сынды басқа да қоспалар жетерлік.
Бір қарағанда энергетик құрамындағы қоспаларға қарап, денсаулыққа өте пайдалы сусын деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Алайда ғалымдардың айтуынша, мұндай сусындардың құрамында пайдалы заттар көп болғанымен, олар адам ағзасына бірден түсіп, өте қауіпті екенін айтады. Мына стимуляторлар қанға түссе, ағза "төтенше жағдайды" іске қосып, толассыз адреналин бөледі. Ал кофеин дофамин бөліп, жағдайды одан әрі ушықтырады. Жүрек соғысы жиілеп, ағза өзімен-өзі әлекке түседі. Ағза "төтенше жағдайды" қайта-қайта іске қосып, әбден шаршайды. Адам ең соңында энергетик сусын ішкенде қуаты тасып, кейін қатты әлсіреп қалатыны содан.
Оның үстіне, энергетик ішкен адам жарты литр сусынды бір-ақ іше салатыны белгілі. Ешкім бөліп-бөліп, күтіп отырып ішпейді. Бұл да ағза қатты зиян тигізбек.
Қ. Слямбек