Ресейлік эндокринолог Полина Жаркова кәдінің пайдасы мен артықшылықтары туралы айтты, - деп хабарлайды "Известия".
"Кәді - артық салмақпен күресуде тамаша көмекші. 100 грамм кәдіде небәрі 24 килокалория бар. Бұл көкөністің 95 пайызы су, ал қалған 5 пайызы пайдалы талшықтар, микроэлементтер мен дәрумендер. Құрамында крахмал аз болғандықтан ас қорытуды жақсартуға және ішектерді тазартуға көмектеседі", - дейді маман.
Оның айтуынша, кәдінің құрамында С дәрумені көп. Бұл көкөніс жасушалардың ерте қартаюына жол бермейтін күшті антиоксидант. Кәді теріні, қан тамырларын, сүйектерді және тістерді қалпына келтіруге көмектеседі.
"Ол инфекциямен күресуге жауапты лейкоциттердің синтезін ынталандырады. Цуккини құрамындағы А дәрумені арқылы көздіің көру қабілетін қадлпына келтіреді, иммундық жүйені нығайтады және ұрпақ сүю қызметін жақсартады", - деді Жаркова.