Емен ағашының емдік қасиеттері

Емен ағашының емдік қасиеттері
Фото: vk.com

Емен – бойы 40 метрге дейін жететін көп жылдық терек тектес өсімдік. Қазақстанның Орал облысында көп кезігеді. Еменнің дәрілік қасиеті ертеден белгілі болған.

Дәрі жасау үшін еменнің жас тамырының қабығын сыдырып алып кептіріп, ұнтақтап, сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр спиртке салып, бір ай тұрғызып сүзеді. Мұны әйелдердің жатыры қабынып, одан қан кеткенде күніне бір шай қасықтан 3 рет 2 ай ішкізеді.

Парадонтозбен ауырған адам, емен ағашының 100 грамм ұнтағын жарты литр суға салып 15-20 минут қайнатып, ыстықтай қашан тәуір болғанша шайса, өте жақсы көмектеседі.

Жемісін күзде қыркүйек айында теріп алып кептіреді. Соның  данасын жарты литр суға салып 10-15 минут суға қайнатып, 2 күн тұрғызып, сүзеді. Үстіне 100 грамм алма сірке суын қосып араластырып шайқайды. Дәрі даяр.

Мұны жатырдан қан аққанда, жатырға суық тиіп қабынғанда күніне 30 грамнан 3 рет 2 ай ішіп, 10 күн демалып, қашан тәуір болғанша қайталап пайдаланады.

Күнделікті, саябақта, бау-бақшада өсіп тұрған емен ағашының осындай тамаша қасиеттері жайлы енді сізде білетін боласыз.

www.anabol.kz

А. Оралқызы