- Негізгі бет
- Денсаулық
- Эмаль мен қызыл...
Эмаль мен қызыл иекті құртады. Стоматолог тіс тазалағанда зиянды 7 әдісті атады
Тіпті кішкентай балалар да тісін күніне екі рет тазалаудың қаншалықты маңызды екенін біледі. Әйтпесе, кариес пен басқа ауруларды даму қаупі жоғары. Сонымен қатар, ауру тістер дененің басқа ағзаларына да әсер етеді.
Тіс дәрігері Антонина Красовская тіс тазалаудың ең зиянды әдістерін атап өтті.
Ең көп таралған және сонымен бірге ең зиянды әдіс – тісті көлденеңінен тазалау. Бұл жағдайда тіс аралық кеңістіктерге дақ түседі және тістердің қыры желінеді. Сосын тіс тазалағанда щетканы қатты басып, жуу да зиян.
Тіске кері әсер ететін тағы бір әдіс – бұл тісті жоғары төмен тазалау. Осылайша, қалдықтар қызыл иек астына түсіп, оның қабынуын тудыруы мүмкін.
Сондай-ақ, ең травматикалық факторларға тістерді тым қатты щеткамен тазалау және ағартқыш пасталарды дұрыс емес пайдалану жатады. Мұның бәрі эмальды зақымдайды, бұл оның жұқаруына және сезімталдықтың артуына әкеледі. Бұл ағартқыш пасталардан толығымен бас тарту керек дегенді білдірмейді, жай ғана оларды пайдалану режимін таңдау керек.
Санкт-Петербургтің бас стоматологы Андрей Яременконың айтуынша, тістерді тазалаудың тағы бір дұрыс емес әдісі таңертең, таңғы ас алдында бірден тазалау. Осылайша бір түнде жиналған барлық микробтардың ауыз қуысын тазартуға болады деген пікір бар. Дегенмен, олар сіздің тістеріңізге ешқандай зиян келтірмейді. Ал таңғы астан кейін тіс тазалау керісінше пайдалы.
Сонымен қатар, тістерді тым тез тазалау да зиянды екен. Егер сіз күн сайын таңертең асығыс болсаңыз, электрлі тіс щеткасын сатып алған дұрыс.
Тағы бір зиянды әдіс тісті паста ұнтағымен тазалау. Ол тіс эмалін сызады.
Айта кетейік, бұған дейін стоматолог алкогольдің тіске қалай әсер ететінін айтқан болатын.
Т. Раушанұлы