Синоптиктердің болжамынша, Республиканың басым аумағын қамтыған антициклон ықпалынан демалыс күндері күн ашық, ала бұлтты болады, деп хабарлайды Baq.kz.
Ыстық батыстан бірте-бірте Қазақстанның барлық бөлігіне таралады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде сынап бағанасы 32 градустан 42ºС дейін, ал оңтүстік-шығыста 28-37ºС, қалған аймақтарда 25-тен 35ºС дейін көтеріледі. Яғни қалыпты температурадан 3-7ºС жоғары болады. Тек республиканың шығысы мен солтүстігінде өткінші жауын жауып, найзағай ойнайды деп күтілуде.
Дерек көзі: baq.kz