Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы 14%-ға, ал олардың сатып алу мүмкіншілігі 8%-ға өсті. Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтер көлемі соңғы бір жылда 21%-ға көбейді.
Биылғы жылдың алғашқы үш айында денсаулық сақтау саласындағы орташа еңбекақы мен әлеуметтік қызметтер көрсеткіші 13,8, ал инфляцияны қоса есептегенде сатып алу қабілеті 8,4%-ға өсті. Ауруханалар ұйымдарындағы қызмет саласы бойынша көрсеткіш 14,2%-ға, инфляцияны қоса алғанда 8,8%-ға жоғарылады. Дәрігерлік және стоматологиялық тәжірибе саласында 13,6%-ға (инфляциямен 8,2%) өскен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдың маусым айының соңында денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің жалақысы 30%-ға көбейеді. Әкімшілік және техникалық қызметкерлермен қоса барлық жұмысшылардың жалақысы арта түседі.
2019 жылдың үш айында денсаулық сақтау саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 29,27 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырған 21%-ға артқан. Көрсеткіштің 30,6% Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиесілі. Алматыда көрсетілген қызмет көлемі 49,4 миллиард теңге (өткен жылға қарағанда 15,2%-ға көп), ал Нұр-Сұлтанда 40,3 миллиард теңгені 9,6% (өткен жылға қарағанда 9,6%-ға көп) құрады.
Қызметтің басым бөлігі ауруханаларға тиесілі – 159 миллиард теңге. Бұл өткен жылға қарағанда 14,9%-ға артқан. Психиатриялық ауруханаларда көрсеткіш 33,7%-ға өсіп, 6,1 миллиард теңгені құраған. Дәрігерлік тәжірибе саласында өсім 38,6%-ды (57 млрд), арнайы дәрігерлік тәжірибе саласында 25,7%-ды (19,6 млрд) көрсетті. Стоматология саласындағы көрсеткіш 9,2 миллиард теңгені құрады.