Көп жағдайда сырқаулы сезімдер ауыр аурудың пайда болу белгісі болмағанымен, кей түрлері міндетті тексерісті қажет етеді. Төмендегі белгілердің бірін сезінсеңіз, міндетті түрде дәрігерге көрініңіз. 1. Кеуде тұсының ауруы Көкірек қуысындағы кез келген ауру, соның ішінде терлеумен, жоғары қысыммен, жүрек айнумен немесе ентігумен қатар жүретін түрі жылдам маманға көрсетуді қажет етеді. Кеуде ауруы немесе жоғары қысым жүрек ауруының белгісі болуы мүмкін. Бұл сезім физикалық жаттығу немесе физикалық белсенділік кезінде білінеді. Сонымен қатар кеудедегі ауру ұйыған қанның түзіліп, өкпеге жылжуын білдіруі мүмкін. Егер кеудеде ауырлық сезінсеңіз және сол жағдай бірнеше минутқа созылса немесе кетіп, қайта оралса, дәрігерге көрініңіз. Ол сезімді шыдап, жүре бермеңіз. 2. Аяқ-қолдағы әлсіздік Егер қолыңыздың, аяғыңыздың немесе бетіңіздің ұюын және әлсіздігін сезінсеңіз, ол инсульт белгісі болуы мүмкін. Ол көп жағдайда дененің бір жағынан білінеді. Сонымен қатар, инсульттің белгісіне денені теңдікте ұстай алмау, бас айналу және жүру кезінде қиындықтың туы жатады. Кез келген аурудың бастапқы кезеңінде оны емдеу жеңілге түсетіндігін ұмытпаңыз. 3. Аяқтың артқы және төменгі жағының ауруы Бұл сезім аяққа ұйысқан қанның түзілуін білдіруі мүмкін. Бұл құбылыс терең көк тамырда қанның ұйылуы деп аталады. Ол көбінесе ұзақ уақыт отырудан пайда болады. Егер қан ұйыған болса, сіз жүргенде немесе тұрғанда ауру сезінесіз. Сонымен қатар, ісік байқауыңыз мүмкін, аяғыңыз қызарып, ол екінші аяққа қарағанда үлкендеу болуы мүмкін. Егер ауру сезімін физикалық жаттығудан соң байқасаңыз, ол қалыпты болып саналады. Бірақ ауырып тұрған жердің қызарғанын және ісінгенін байқасаңыз, дәрігерге көрсетіңіз. Ұйыған қанды уақытында анықтаған маңызды, себебі егер ол үзіліп кетсе, қан айналымды бітеп, түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. 4. Кіші дәреттен қан байқау. Кіші дәретте қанның пайда болуының бірнеше себептері бар. Егер кіші дәреттен қан байқап, сонымен қатар арқаңыз немесе бүйіріңіз ауырса, ол бүйректе тас болуын білдіруі мүмкін. Бүйрек тасы минералдар мен тұздардан құралған шағын кристалл. Тастың бар-жоғын білу үшін дәрігер рентгенография немесе УДЗ жазып беруі мүмкін. Егер кіші дәреттен қан байқап, бірақ ешқандай ауру сезінбесеңіз, ол бүйрек немесе қуық рагы болуы да мүмкін. Сондықтан бұл белгіден соң бірден дәрігерге көрініңіз. 5. Ауыр тыныс алу Тыныс алу проблемасын бірден шешу керек. Егер тыныс алу кезінде сырылдасаңыз және сыбыс дыбыстар естісеңіз, дәрігерге көрініңіз. Мұндай жағдай демікпеден, өкпе ауруынан, аллергиядан немесе химиялық заттар әсерінен соң көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, сырылдау пневмония немесе бронх қабынуынан болуы мүмкін. 6. Суицид туралы ой Егер өзіңізді сенім жоғалтқан немесе алданып қалғандай сезініп, ары қарай өмір сүрудің себебі жоқ деген ойлар келе бастаса, сізге көмек керектігін ұмытпаңыз. Кәсіби маманмен әңгімелессеңіз, дағдарысты жеңуге көмектесіп, бұл қиын уақыттан өтіп кетуіңізге қол ұшын береді.