- Негізгі бет
- Денсаулық
- Электронды темекінің адам...
Электронды темекінің адам денсаулығына зиянды тұстары
Электронды темекі дегеніміз – ішіне сұйық ерітінді құйылған, ауыстылылатын картриджі бар және никотин жеткізетін электрондық жүйеге (НЖЭЖ) жататын құрал болып табылады. Оның буында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар бар. Олар: формальдегид, ацетальдегид, карбол қосындысы, ауыр металлдар (қалайы, мыс, хром, никель және т.б.).
Электронды темекі не үшін қауіпті?
1. Электронды шылымның құрамындағы никотин тез сіңіп, 8 секундтың ішінде миға тарайды;
2. Никотин қантамырлардың тарылуына ықпал ететіндіктен барлық ағзаларды қанмен қамтамасыз ету нашарлап, бірінші кезекте жүрек-қантамыр ауруларының (инсульт, инфаркт) дамуына әкеліп соғады;
3. Жүкті әйелдің ағзасындағы никотин түсік тастау мен ерте босану қаупін арттырып, ұрыққа ауа жетіспеуіне әкеп соғады;
4. Никотин жасушалардың өзгеруін тудырады және келесі ұрпақтарда бұл өзгерістер көбейе береді;
5. Электронды темекінің құрамындағы химиялық заттар қауіпті ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін;
6. Электронды темекінің түтінінде улы заттар болғандықтан, адамдарға әсіресе балаларға қауіпті;
7. Электронды темекіні шеккендегі психологиялық тәуелділіктің даму қаупі басқа темекі өнімдерін тұтынғанмен бірдей.
О. Сансызбай