Қазақстан Республикасының "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған. Жүктелген міндеттерді іске асыру барысында технологияны басты назарға алады. Бүгінде кез келген Қазақстан азаматы eGov порталына кіріп, өзінің электронды денсаулық төлқұжатын тексере алады. Бұл үшін не істеу қажет?
Электронды денсаулық төлқұжатының бета-нұсқасынан сіз:
- қай емханаға тіркелгеніңізді;
- қандай қызметтер мен дәрі-дәрмекті тегін алуға болатынын;
- сізді емдейтін дәрігер туралы ақпаратты;
- диагнозыңыз бен емдеу бойынша дәрігерлердің тағайындаулар біле аласыз.
Элeктрoнды дeнсaулық жүйeсiн eнгiзудeгi мaқсaт – мeдицинaлық көмeктi шұғыл түрдe қaжeтсiнгeн пaциeнт турaлы мәлiмeттi мeдбикe бoлсын, дәрiгeр нeмeсe дeнсaулық сaқтaу мeнeджeрi бoлсын қaлaғaн уaқыттa aлуынa мүмкiндiк бeру.
Электронды денсаулық төлқұжаты не үшін керек?
Электронды денсаулық төлқұжаты амбулаторлы картаның орнын басады. Енді пациент дәрігерге қаралу үшін амбулаторлы картаны өзімен бірге ұстап жүруге міндетті емес. Пациент туралы деректердің бәрі электронды түрде сақталады. Оның аллергиялық серпіліс, анализ нәтижесі, дәрігерге қаралуы, бұрын-соңды ауырғаны туралы ақпарат жазылады. Пациенттер туралы дерекке дәрігерлермен қоса жедел жәрдемге қолжетімді болады.
Бета нұсқада мынадай медициналық деректер енгізіледі:
- пациент тіркелген емхана;
- учаскелік дәрігердің ТАӘ;
- жазылып берілген рецепттер;
- рецепт берген дәріхана;
- тағайындалған дәрі-дәрмектер тізімі;
- ауруханаға жатқызылу деректері;
- диагноздар;
- аурудың халықаралық коды;
- жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жіберген мекеме;
- емдеу қағазының нөмірі;
- диспансерлік есепке тұру уақыты.
Деректерді жоюға не өзгертуге болмайды, тек оқуға мүмкіндік бар. Әзірге пациенттер ешқандай ақпаратты өзгерте алмайды, алайда болашақты мұндай жүйе енгізіледі. Деректерді медициналық қызметкерлер өңдеп, өзгертіп отырады. Ал деректердің көлемін жоспарлы түрде кеңейтеді. Электронды медициналық төлқұжаттың толық нұсқасы 2020 жылдың алғашқы айынан бастап іске қосылады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда электронды медициналық төлқұжаттың бета-нұсқасы электронды үкімет порталында жеке кабинеті бар кез келген Қазақстан азаматыне қолжетімді. Алдымен eGov порталына кіріп, содан кейін "Жеке кабинет" айдарындағы "Медициналық жазбалар" бөліне өтесіз. Әзірге жүйе бета-нұсқада болғандықтан кейбір деректер қате көрсетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда 1414 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет.
Пациент туралы деректерді, ауруханалардың атауларын және рецепт бойынша жазылған дәрі-дәрмектердің тізімін тек электронды медициналық төлқұжаттың иесі ғана көре алады. Болашақта пациенттің жеке деректерін оны емдейтін дәрігерге де қолжетімді етеді. Ал электронды медициналық төлқұжатты бұзу не хакерлік жолмен ену мүмкін емес. Өйткені электронды медициналық төлқұжатқа тек eGov порталындағы жеке кабинет арқылы кіру мүмкін. Ал оның қауіпсіздігі үшін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жауапты.
Осы күнге дейін бета-нұсқаға Қазақстан халқының 94,69% электронды медициналық төлқұжаты жиналған. Бұл 17 722 517 адамды құрайды. Демек электронды медициналық төлқұжатты қазірдің өзінде кез келген азамат қолдана алады. Пациенттерге жеке кабинетте дәрігердің қаралымына жазылуға мүмкіндік бар.