Майамиде өзінің 59 жылдық ғұмырының 42 жылын комада өткізген әйел қайтыс болды. Әңгіме бүкіл БАҚ "ұйқыдағы ару" деп атап кеткен Эдуард О’Бара жайында.
16 жасында диабет комасына тап болған ол соңғы қырық екі жыл ішінде есін жия алмай, жан сақтау бөлімінің кереуетіне таңылған. Жанындағыларды естімесе де, сезбесе де, көрмесе де, оның көзі ылғи ашулы жатқан.
Эдуард О’Бараның өлердегі соңғы сөзі анасына арналады: "Мені тастамаймын деп уәде берші"... Ал анасы оның бұл қасіретті өтінішін өмір бойы жадында ұстаған.
42 жылдың соңғы 35 жылында анасы Кей О’Бара қызын бір рет те көзден таса қылмай, қашан да оның жанынан табылған.
2008 жылы байғұс ана 80 жасқа келген тұсында өмірден өтті. Осыдан бастап оның уәдесін орындау әпкесінің мойнына жүктелді. Осы шақтарда "ұйқыдағы ару" да мәңгілік ұйқыға кетті.
"Эдуард көздерін жұмды да, анамның жұмағына қарай аттанды", - дейді Колин О’Бара.
Оның айтуынша, Эдуард тек жақсы бауыр ғана емес, сонымен қатар әйелдерге төзімділікті үйретуші де болды. Оның денсаулығының көпке шыдауының өзі жай емес.
Мұнысымен де оның ерекше тағдыры әлемге жария болды.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: wowfacts.net