Сүт қосылған кофе асқазанға түскенде қорытылмайды. Бұл туралы «РБК.Стиль» басылымына берген сұхбатында танымал диетолог Анри Шено айтып берді, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
Диетолог маман өліктің денесін жарып сойғанда асқазанда қорытылмай қалған сүт араластырылған кофе табылатынын айтады. Оның сөзінше, кофеге сүт қосып ішу қауіпті, себебі кофе мен сүт үйлеспейтін өнім. Сонымен қатар, маман кофені қай уақытта және қандай кофені ішу керектігі жайлы айтып өтті. Сөйтсе, кофенің тек эспрессо және ристретто деген түрлерін ішу керек екен. Және тек тамақтанған соң ғана. Ал диетологтың өз рационында басымдық көк шайға берілген екен.
Мөлшерге жетпей немесе тым көп тамақтанып қою сіздің энергияңызды азайтады», – дейді Анри Шено.
Анри Шеноның мерано қаласындағы емханасында Монако ханшайымы, Катар әмірі, Лучано Паваротти сияқты атақты адамдар ем қабылдаған.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: style.rbc.ru