- Негізгі бет
- Денсаулық
- Диетолог қартаюды тездететін...
Диетолог қартаюды тездететін өнімдерді айтты
Фото:
rostovgazeta
Терапевт, диетолог Елена Тихомирова кейбір тағамдардың қартаюға ықпал ететінін ескертті. Бұл туралы "Прайм" агенттігі жазды.
Маман тәттілерден және басқа жылдам көмірсулардан бас тартуды ұсынды. Өйткені олар қанға тез еніп, инсулин деңгейін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде ағзаға кері әсерін тигізеді.
"Сонымен қатар, алкоголь мен тұзды тағамдар да қартаюға ықпал етеді, өйткені олар ісінуді тудырады",- деді Тихомирова.
Маманның айтуынша, дұрыс тамақтануды, көп су ішуді, үнемі жаттығуды және жақсы ұйықтауды ұстансаңыз, қартаюды баяулатуға болады.
Т. Раушанұлы