Лондон университеті колледжінің мамандары диетаның депрессияға әкелетінін анықтады.
Екі мыңнан астам адам қатысқан зерттеу барысында қатысушылардың 50 жас шамасында болуы мен салмағы, көңілсіздікке жиі түсетін-түспейтіні және нашар көңіл-күйді түсіндіре алу-алмауы есепке алынды.
Зерттеу жүрген 4 жыл ішінде 14% ерікті минимум 5% салмағын жоғалтты. Соған қарамастан өзін тамақтан тежемейтіндерге қарағанда қатысушылар күйзеліске 78%-ға жиі түскен екен.
Дайындаған: Шаттық Қали
Сурет: gortenzija.com