Диабеттің алғашқы белгісін мойынға қарап білуге болады

Дүниежүзінде қант диабетіне шалдыққандар миллиондап саналады. Мұндай ауыр дертке шалдыққандардың төрттен бір бөлігі осы аурудың қақпанына түскен өзі де байқамауы мүмкін. Ал ерте анықталған аурудың алдын алу да оңай болмақ.

Ғалымдардың айтуынша, диабеттің алғашқы белгісін анықтаудың бір жолы – бұл адамның кәдімгі дене терісі. АҚШ Дерматология қауымдастығы академиясының мәліметінше, қант диабетінің алғашқы симптомдары басталған адамның дене терісінің түсі өзгеріп, қарайған белгілер пайда болуы мүмкін. Әсіресе, мойын тұсында. Ол болмаса, қолдың, қолтық пен шап тұсында да қарайған белгі шығуы ықтимал. Мұны ғылымда қара акантоз деп атайды.

 

Кейде тері қарайып барып қалыңдауы да мүмкін.

"Тері бірден қарамайды, ақырыңдап, білдірмей қараяды. Қарайған тұстан жағымсыз иіс шығуы мүмкін. Кейде қышытып ауырады", - деп түсіндіреді мамандар.

Мұндай белгі диабеттің барын не басталғанын білдіреді.