- Негізгі бет
- Денсаулық
- Дертімізге дауа болатын...
Дертімізге дауа болатын сусындар
Бүгінгі таңда ағзаға жиналып қалған зиянды заттардан құтылудың жолын іздейтіндер өте көп. Біз бұл жазбамызды соларға арнағымыз келіп отыр. Жеміс-жидектер мен көкөністерді пайдалана отырып, дертіңізге дауа болатын сусындарды әзірлеуге болады. Мысалы:
1. Алма мен даршын
Алманы кішкентай бөліктерге бөліп, 400-500 мл қайнаған су құйып, 1 шай қасық даршын қосыңыз. Сусын суыған соң ішуге болады. Алма мен даршынның қосындысы зат алмасу жүйесін жақсартып, ас қорыту жолын тазалайды.
2. Лимон шырыны мен бал
Екі ас қасық лимон шырынына 200 мл жылы су қосыңыз. Содан соң бір шай қасық бал және 1/3 шай қасық жанжабіл салыңыз. Ескерте кетейік, жылы судың орнына ыстық су құюға мүлдем болмайды.
3. Дәрумендер шырыны
1 қызылшаның, 2 алманың және 4 балдыркөктің шырынын алып, тамақ ішерден жарты сағат бұрын ішіңіз.
4. "Денсаулық" коктейлі
1 апельсин мен 1 лимонның және 1 сәбіздің шырынын алып, 100 мл минералды су қосыңыз. Сусынды аш қарынға ішкен дұрыс. Өйткені оның құрамында антиоксиданттар көптеп кездесетін болғандықтан, сіздің шаршағаныңызды басады.
5. Жасыл коктейль
Бір қияр мен балдыркөктің тамырын уақтап турап, 300 мл су құйыңыз. Бұл –сіздің денсаулығыңызға өте пайдалы сусын.
Бұл сусындардың көмегі арқылы сіз тек ағзаңыздағы су теңгерімін толтырып алмайсыз, сонымен қатар денсаулығыңызды да жақсартасыз. Бүгіннен бастап кірісіңіз.
Сурет: poleznaya-dieta.ru
Ж. Исакаев