Депрессия, стресс атаулыға жиі шалдығатын болсаңыз, ойланатын кез келді. Ғалымдардың соңғы зерттеулерінде күнделікті депрессия мен көңілсіздік ерте қартаюға әкелетін болып шықты.
Депрессия мен уайым-қайғының еш пайдасы жоқ екендігі түсінікті, әрине. Зертханалық тәжірибе ретінде бұл дерек алғаш дәлелденіп отыр. Тұрақты түрде депрессияға шалынатын адамдардың дене жасушалары тезірек қартаяды екен. Стресстегі адамдарда қартаюдың белгілері ерте пайда болып, олар үлкен жастағы кісілердің ауруларымен (диабет, жүрек қан тамыр аурулары, артық салмақ) ауырады.
Бұл депрессиядағы адамның психологиялық жағдайына ғана байланысты емес. Қайғыға салынған адам көбірек ішімдік ішіп, темекі шегеді, физикалық белсенділігі кемиді. Осы жағдайларда депрессияның жүйкемізге тигізетін жағымсыз әсері қосылып, адам ағзасы ертерек қартая бастамақ.
Зерттеуге 2047 ерікті адам қатысты. Олардың арасында ауыр депрессиядан өткен адамдарда ерте қартаю белгілері байқалған.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blogher.com