- Негізгі бет
- Денсаулық
- Денсаулықты тексерудің тосын...
Денсаулықты тексерудің тосын жолдары
Осыған дейін кішкентай құлақ не үлкен бөксе сынды адам денесіндегі кішігірім ауытқулар денсаулықтағы қандай кемшіліктерді меңзей алатындығы жайлы айтқан болатынбыз. Бүгін осы тақырыпты жалғастырып, ұзын тіл, қысқа аяқ, көздің пішіні денсаулығыңыз жайлы қандай сырлар аша алатындығын зерттейік.
Апноэ медициналық термині демалудың өзінен-өзі тоқтап қалуын білдіреді. Әсіресе ұйықтағанда байқалатын бұл ауру әйелдерде жиі кездеседі. Кейде осы ауруға байланысты ұйқыдағы адамның демі 30 секундқа дейін тоқтай алады. Ғалымдардың жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша бұл дертке тілі ұзын адамдар көбірек шалдығатыны дәлелденген. Ұзын тіл ұйқы кезінде тыныс жолдарын жауып, уақытша тұншығуға әкеле алады.
Қысқа аяқтар мен диабет ауруының байланысы табылды. Бристол Университетінің ғалымдары аяқ ұзындығы 4,3 см кем болған сайын диабет ауруына шалдығу мүмкіндігі 19 пайызға өсетіндігін есептеп шығарған. Мәселенің себебі ананың аяғы ауыр кезінде қажетті мөлшерде тамақтанбауы болып шықты. Туылған сәбидің ұйқы безі қажетті мөлшерде инсулин шығармай, уақыт өте диабет ауруы дамиды. Ал аяқтары ұзын жандарға бұл ауру көп жағдайда қауіпті емес екен.
Көздің орташа ұзындығы 24 мм құрайды, көз ұзындығы осы шамадан тіпті 1 мм-ге артық болуы, бота көзді жандарға көз дәрігерінің қабылдауына жиі баруының себебі бола алады. Көз дәрігерлерінің айтуынша, көз ұзындығы қалыпты болғанда жарық көздің ар жағына түседі, ал көз қалыпты өлшемнен үлкенірек болса, жарық көз қабатының алдыңғы бөлігіне түсіп, нәтижесінде алыстан көрмеушілікке алып келе алады.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: loszachreport.wordpress.com
С. А